20
сентябрь
2023
Құрметті ата-аналар,білім алушылар!
Құрметті ата-аналар,білім алушылар! Білім ордамызда ақша жинаудың кез-келген әрекетіне қатаң тыйым салынғандығын естеріңізге саламыз!
Түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, мектептің жөндеу жұмыстарына, санитарлық заттарын, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата - аналардан және ата-аналар комитеті атынан ақша жинауға және бітіруші 4,9,11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым саламыз! Мектебіміздің абыройы мен сапасы - мектеп ережесін орындаумен тікелей байланысты. Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі жетістіктері - біз үшін үлкен абырой мен сыйлық!
Қандай да бір сұрақтар мен фактілер болса тікелей байланысқа шығуларыңызды сұраймыз.