05
сентябрь
2025
Тәрбие бағытындағы кездесу
№17 орта мектепте оқушылармен тәрбие бағытындағы кездесу өткізілді.
Алдымен мектеп психологы Мамырбаева Айна Аманкельдиевна оқушыларға 111 QR-коды жайлы жан-жақты түсіндірме жүргізді. Бұл QR-код арқылы балалар буллинг фактілері мен әртүрлі мәселелер туралы анонимді түрде хабарлай алатындығын атап өтті.
Одан кейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Тоқан Камшат Адарханқызы оқушыларға мектеп ережелерін тағы бір мәрте еске салып, оларды әрдайым сақтап жүрудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, мектеп менторы Чежимбаева Эльмира Танджарыққызы оқушылармен танысып, өз функционалдық міндеттері жайында ақпарат берді. Ол мектепте балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейтінін атап өтті. Ментор әрбір оқушының дауысы ескерілетінін, ал кез келген мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Кездесу оқушылардың тәртіпке, жауапкершілікке және қауіпсіз орта құруға деген түсінігін кеңейтіп, маңызды әрі пайдалы әсер қалдырды.