18
октябрь
2022
ЖАС МАМАННАН КЕРІ БАЙЛАНЫС!

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға - деп Абай атамыз айтқандай ұстаздық жолымды Талдықорған қаласы 17 орта мектебінде География пәні мұғалімі болып бастадым. Бүгінгі таңда еңбек өтілім 1 - жыл ғана болсада мен оқушыларыма География пәнін меңгеруде көп ақпаратты үйрете аламын. Осы еңбек жолымда қол ұшын созып, ақыл кеңесін айтып, іс тәжірибесімен бөлісіп жатқан барша әріптестеріме, достарыма алғысымды білдіремін!