27
февраль
2023
"Білім жолын бастаған,бастауышым бастамам"
Бүгін 27 ақпан күні №17 орта мектепте бастауыш пән бірлестігінің "Білім жолын бастаған,бастауышым бастамам" атты апталықтың салтанатты ашылу жиыны болды. Мақсаты: Білімнің сары жолы бастауыштан басталатынын ұғындыру. Оқушылардың оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру. Сыныптан тыс іс-шаралар арқылы ой өрістерін дамыту. Ашылу салтанаты ҚР-ның әнұранымен басталды. Оқушылар мектеп, білім, өнер туралы тақпақтар айтып, ән шырқады. "Тапқыр болсаң, тауып көр" айдарымен мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. "Ойлы болсаң, озып көр" жұмбақтар шешіп, оқушылар белсенділік танытты. Апталықтың ашылуында 1 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Ұйымдастырушы бастауыш сынып мұғалімдері Раисова Ұлтуар Тогумбековна, Букеева Гүлмира Ануарбековна жүргізді.

