«Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2021

«Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы»

Бүгін «№ 17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 ақпан күні «Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы» тақырыбында қазақ тілі бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауызекі сөйлеуге баулу.
Апталықтың ашылуын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ормашева Дана Жақсылыққызы мен Мұса Мадина Жомартқызы жүргізді. Апталықтың ашылуына мектеп оқушылары белсене қатысып, өздерінің тіл туралы жүрек тебіренер өлең шумақтарын мүлтіксіз орындап берді .
Суанбаева Гүлжазира Қыдырқожақызы оқушыларға тіл туралы тың ақпараттар беріп, оқушыларды жігерлендірді. Оқушылар арасында «Тілге құрмет» тақырыбында қызықты пікірталас өткізді. Жас жеткіншек болса да Тіл жанашырлары екенін білдіртіп, өз ойларымен бөлісті. Апталықтың ашылу салтанатында Ыбырай Алтынсарин 180 жыл, Жамбыл Жабаев 175 жыл, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, жас ақындар да өз өнерін паш етті. Апталықтың ашылу салтанатына қатысушы мектеп мұғалімдер кері байланыс айтып, мазмұнды іс-шара екенін айтты.
«Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы»
«Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы»
«Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы»
«Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы»
«Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы»