«Жаңа Қазақстан – болашаққа бастар жол» тақырыбындағы оқу жылының аяқталуы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2023

«Жаңа Қазақстан – болашаққа бастар жол» тақырыбындағы оқу жылының аяқталуы

1 маусым  күні 4,9,11  сынып оқушыларымен «Жаңа Қазақстан – болашаққа бастар жол» тақырыбындағы оқу жылының аяқталуына салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты әуеннің ырғағымен мектеп оқушылары мерекелік алаңға келіп тұрып, шақырылған қонақтар, ұстаздар, ата-аналар құрметті орынға орналастырылды.
Іс-шара жүргізушілеріміздің сөзінен басталып,  мектеп директоры Р.М. Акшолакова құттықтау сөз беріліп, директордың оқу-тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Замзина К.К оқу жылының аяқталуы бойынша бұйрықпен таныстырды. Сондай-ақ салатанатты жиынға  «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жетісу жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлепбергенов Мэлс Құлмұханұлы қатысты.
Жүректері  лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектерімізге сөз кезегі берілді.
Жылдағы дәстүр бойынша мектеп бітіруші түлектер өздерінен кейінгі 10 сынып оқушыларына «Мектеп кілтін» табыстап, болашаққа жақсылық тілеп, жылы лебіздерін білдірді.