«Тіл – құндылық, жыр – тұмар» атты жергілікті ақындармен кездесу » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2023

«Тіл – құндылық, жыр – тұмар» атты жергілікті ақындармен кездесу

13 қыркүйек күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  ҚР Тілдер мерекесі онкүндігінің аясында «Тіл – құндылық, жыр – тұмар» атты жергілікті ақындармен кездесу өтті. Іс-шараға есімдері республика, облыс көлеміне танымал дарынды жерлес ақындарымыз Аңсабаев Дүйсен Сандыбайұлы мен Ерғазы Манапұлы қатысты. Оқушылар қасиетті тіліміз жайлы жазылған ақын өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Сырлы сұқбатқа толы болған кеште оқушылар ақындармыздың шығармашылығымен танысып, олардың тәрбие мәселесі, ұлттық құндылықтар жайлы айтылған тағылымды әңгімелері мен  ақын жырларын ықыласпен тыңдап, өздеріне рухани азық алды. Ақын Ерғазы Манапұлы мектеп кітапханасына кітаптар тарту етті. Әсерлі кештің соңында ұстаздар мен оқушылар Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл» атты әнін келген ақын қонақтармен бірге қосыла шырқады.  #zhetysu_bilim_baskarmasy