Мен мектепке барамын » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2022

Мен мектепке барамын

Міне, Талдықорған қаласындағы №17 мектептегі мектепалды даярлық тобының оқу жылы аяқталды. Әсем рәсімделген акт залына көңілді әуеннің баламасымен шарларын ұстап, балалар кірді. Мектеп директоры Р.Н.Керейбаева балаларға ізгі ниетін білдіре отырып, жазғы демалыс кезінде бақытты күндер мен мектеп өміріне ақ жол тіледі. Балалардың орындауында көп тақпақтар мен әндер шырқалды. Көркем жазу мен математикадан шағын сабақтар өтілді. Балалар барлық тапсырмаларды табысты орындап шықты. Мектепалды даярлық тобында 1 жыл бойы мектеп бағдарламасын меңгертуге еңбек еткен ұстазы - Ұ.Т.Раисоваға ата-аналар алғыстарын жаудырды.
Жыл бойында ата –аналар тәрбиешінің жанынан табылып, өз балаларының мектепалды даярлық тобында жайлы және ыңғайлы сезінулеріне жағдай жасаған мұғалімдері мен мектеп әкімшілігіне алғыс білдірді.
Соңғы мектепалды вальсі шырқалып, алғашқы дипломдары тапсырылды. Тәрбиеленушілерге шын жүректен жақсы жазғы демалыс пен 1- сыныпта табыс тілейміз.