30
ноябрь
2022
"DEAL" әдісімен өткен сабақ
"Жаратылыстану ғылымымен болашаққа" апталығы барысында 30қарашада география пәнінің мұғалімі Сарсекулова Салтанат Кадырбергенқызы 9ә сыныбында "Қазақстанның ішкі сулары" тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақта окушылардың белсенділіктерін арттыратын топтық, жеке жұмыс түрлері болды. DEAL әдісі арқылы оқушылар өзендерге сипаттама берсе, мәтінді талдау арқылы көлдерді сипаттады. Сабақ барысында атлас және кескін картамен жұмыс қатар жүргізілді. Кері байланыс бағалау картасын толтыру арқылы жүзеге асырылды.




