ҰБТ-ге дайындық » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2023

ҰБТ-ге дайындық

№17 орта мектебінде 11 сынып түлектер саны -36 оқушы. Оның ішінде  қазақ сыныптарында- 21 оқушы, орыс сыныбында-15 оқушы білім алуда. «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны-5. Қаңтар айында ҰБТ-ге қатысқан оқушы саны 27, орта баллы (шығармашылықсыз)- 70,8. Наурыз айында ҰБТ тапсыруға өтініш бергендер- 15 оқушы. 

Мектептің өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың қорытынды аттестациялауға және ҰБТ тапсыруға сапалы, нәтижелі дайындалуы. Бұл бағытта келесі жұмыстар жүргізілуде:

  1. Қыркүйек айынан бастап 7 сынама тестілеу өткізілді. Тестілеу нәтижелеріне  үнемі мониторинг жасалып отырады.  
  2. 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациялауға және ҰБТ-ге дайындау мақсатында түлектерге қосымша сабақтар мен консультациялар ұйымдастырылды.
  3. 11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету мақсатында мектеп психологтары сауалнамалар, тренингтер өткізеді.