08
сентябрь
2022
Ыстық тамақты ұйымдастыру
Талдықорған қаласы №17 орта мектепте 2022-2023 оқу жылының басында 1115 оқушы білім алады. Соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан бала саны- 197, аз қамтылған-68, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар- 4. Осылардың ішінде жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан ата-аналарының өтініштері мен құжаттары қаралып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. 2 қыркүйектен бастап мектеп асханамызда осындай 194 оқушымыз жалпыға бірдей білім беру қорынан, ал 60 оқушы мектеп асханасының арендаторы тарапынан бір уақыт тегін ыстық тамақ ішеді.
Осы балалардың уақытымен ыстық тамақты дұрыс ішіп тұруын сынып жетекшілері мен әлеуметтік көмек көрсетуді қарау комиссия мүшелері күнделікті қадағалап отырады. Оқушылардың тамақтану кестесі, әкімшілік пен сынып жетекшілерінің кестесі құрылып, асханада барлық санитарлық талаптар сақталған.