Оқушылардың тамақтануы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2023

Оқушылардың тамақтануы

№17 орта мектеп асханасынан күнделікті   264 оқушы  тегін тамақтанады , оның ішінде 65 оқушы асхананы жалға алушының есебінен, 199 оқушы жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаражаттан тамақтанады. Күнделікті ас мәзірі әр түрлі ассортиментті азық-түліктер, күлинариялық түрлі тәттілерден тұрады.  Асхананың ас мәзірінде ет   тағамдары, сүт  және сүттен жасалған  тағамдар, сары май, өсімдік майлары, нан және ұннан жасалған әр түрлі тағамдар, көкөністер болады. Апта ішінде міндетті түрде ас мәзірінде  жарма және  макарондар, көкөністер, картоп,   шырындар және дәруменді азық- түліктер қолданылады.Түскі астағы бірінші тағам өзіне лайықты бірінші орынды алады. Ет, құс еті, көкөніс сорпалары, үй кеспесі дайындалады, тағам гарнирі  әр түрлі жармалардан жүгері, қарақұмық, арпа, күріш  т,б. дайындалады.  Міндетті түрде сүтке пісірілген ботқа беріледі. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексеріліп тұрады.