14
октябрь
2022
«Жас келсе, іске!» Жас мамандарға арналған тренинг
14 қазанда мектепте «Жас келсе, іске!»атты жас мамандарға арналған тренинг-сабақ өтті.Мақсаты:"Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді- өзіміз танимыз ба? —деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау".10 жас маман қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті."Сынық құмыра" бейнеролигі ұсынылып,сол арқылы тақырыпты ашуда жас мамандар өз ойларын өмірмен байланыстырды.Сауалнама сұрақтарына жауап беріп,тренингке белсене қатысты.