Халқым деп соққан жүрегі » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
май
2023

Халқым деп соққан жүрегі

Мектебімізде «Аңыз адам – Бейсен Құранбек»  атты жоба аясында 2022-2023 оқу жылында атқарылған іс-шаралардың қорытынды есебі ретінде «Халқым деп соққан жүрегі»  атты әдеби-танымдық кеш өткізілді. 
Кештің мақсаты: Сөздің нарқын, адамның парқын білетін сұңғыла ақылдың иесі, егемендіктің елең-алаңындағы барлық айтулы оқиғалар мен тарихи сәттердің тұңғыш куәгері, қазак журналистикасы мен телевизиясының ақтаңгері-Бейсен Құранбекті зерттеу арқылы жеткіншек жас ұрпақты  адами құндылыққа тәрбиелеу, рухани дамыту. Бейсен Құранбектің болмысын, ұстанымын, адамдық қасиетін, ғибратқа толы сөздерін, туған халқына арнаған өлшеусіз еңбегін үлгі ету арқылы оқушылардың бойында отбасылық, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мен дүниетанымын кеңейту мақсатында өткізілген іс-шараға Жетісу телеарнасының  жарнама бөлімінің жетекшісі, тележүргізуші Мұрат Жұмабай қатысып, Бейсен Құранбек жайлы ой толғап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 
Кеш соңында мектептің болашақ журналистерінің дайындаған «Бейсен ізбасарлары» бейнебаяны тамашаланып,  мектеп директоры  Ғалия Молдағалиқызы «Аңыз адам – Бейсен Құранбек»  атты жобаның  маңыздылығы мен құндылығы туралы қорытынды сөз сөйледі.