05
октябрь
2023
Республикалық педагогтер съезі"
Құрметті әріптестер! «Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні мерекесі құтты болсын! Ұстаз ұлы мамандық! Ел болашағы жастарға білім нәрін сусындатып, келешек ұрпақтың жан-жақты бағыттағы тәрбие мен білім алуы ұлы тұлға Ұстаздың өз жұмыс бағытында алдына қойған мәртебелі бастамасы. Адам бойына қуат, жүрегіне жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жанына азық, өмірге өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет екендігі айтпаса да белгілі. Осы орайда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім саласына соның ішңнде ұстаздар қауымына көңіл бөліп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Оның айғағы бүгінгі күні Астана төрінде өткізіліп жатқан Республикалық педагогтер съезі. "Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты. Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан, бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет" - деп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай өзгермелі қоғаммен бірге дамып келе жатқан ұстаздар қауымы әрқашан жаңалық жаршысы болуға дайын болуы керек деп ойлаймын. Сондақ-ақ, мемлекет басшысының әр бастамасын ұстаздар қауымы қолдап, Жаңа Қазақстанның моделін бірге құруға дайын екендігін айтқым келеді.
№17 орта мектеп директоры
Акшолакова Рахиля Молдағалиқызы