Мысалмен өрілген ойлар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2022

Мысалмен өрілген ойлар

15 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдбиеті пән мұғалімдері Г.Қ.Суанбаева мен Ж.С.Бакирбаеваның ұйымдастыруымен «Мысалмен өрілген ойлар» тақырыбында 6-7-сыныптар арасында тағылым сабағы өтті.
Тағылым сабағының мақсаты – А.Байтұрсыновтың мысал өлеңдерінің негізгі идеясын ашу, адамгершілік, қарапайымдылық т.б. асыл қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге баулу.
Ең алдымен, оқушылар А.Байтұрсынұлының мысалдарының ерекшеліктері, ақынның аудармашылығы жайлы түсінік алды. Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының бірнеше мысал өлеңдерін талдап, негізгі идеясын ашып, сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдермен ой қорытындысын жасады. Мысалдағы кейіпкерлерге мінездеме беріп, ондай адамдарға өз кеңестерін айтты. Мысал өлеңдерінен өздеріне ұнаған сөздер мен сөз тіркестерін атап, оны таңдаған себептерін түсіндіріп, мағынасын ашты.