Жаратылыстану ғылымдарымен болашаққа » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2022

Жаратылыстану ғылымдарымен болашаққа

Мектептің оқу-тәрбие жоспарына сай"Жаратылыстану ғылымдарымен болашаққа" атты химия, биология және география пәндері бірлестігінің онкүндігінің  ашылуы өтті. 

Мақсаты: қызықты әдіс-тәсілдер, жағдаяттық ойындар арқылы оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру.  Бірлестік ұстаздары: С.Сарсекулова , А. Нусипова , А.Жарданбек,Ә.Төлегенова , С.Нүсүп , А.Құрақбай   апталықтың ашылу шарасын 8-10- сыныптар арасында ойындар арқылы жүргізді."Конвертте жасырынған сұрақтар", "Бейнесұрақтар", "Мені тап" ойындарына қатысу арқылы оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын еркін көрсетті.  8в, 8а, 8ә,9а,  9ә, 9б, 10а, 10ә сынып оқушылары белсене қатысты. Ұстаздар арасынан да ойындарға қызығушылық танытып ойнаған Кенжебекова Рауза Шырынбекқызы өзінің жаратылыстану пәндері туралы білімін сынады.